Жаңалықтар

Мектеп оқушыларына жат ағымдардың ерекшеліктері түсіндірілді

Балықшы ауылдық округінің Ақжайық ауылындағы М.Отаралиев атындағы орта мектептің оқушыларымен «Дәстүрлі Исламның жат діни ағымдардан ерекшеліктері» тақырыбында кездесу өтті.

Шараға мектеп директоры Гүлжанар Нажимова және «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Шүкіріддін Темірқұлұлы қатысты.
Гүлжанар Ғаділбекқызы келген қонақты оқушылармен таныстырып, шараның маңыздылығын да тілге тиек етті.

Теолог Шүкіріддін Темірқұлұлы Ислам дінінің құндылықтары оның қазіргі зайырлы мемлекеттік құрылысымен үйлесімділігін айтып, псевдосалафизмнің жалпы деструктивтік діни ағымдардың кескін-келбетін, қандай негізгі қағидалары барын, олардың қоғам үшін де, жеке тұлға үшін де зияндылығын түсіндірді. Кездесу соңында оқушылардың өздерін толғандырған діни тақырыпта мағыналы әңгіме айтқаны үшін қонақтарға рахметін айтып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптар алды. 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close