Жаңалықтар

Қайырымдылық шаралары жалғасуда

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі әрқайсысының облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі мен еңбектері ерен. 

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай «Қарты бар елдің -қазынасы бар» атты мерекелік қайырымдылық шарасы өтті. Шара әлеуметтік жағдайы төмен қарттарға сый-құрмет көрсету, қолдау жасау, мерекелік көңіл күй сыйлауды мақсат етті.

Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев пен орталық қызметкерлері қатынасып, белсене ат салысты.

Шара барысында Атырау қаласы және Құрманғазы, Махамбет, Мақат, Индер, Исатай, Қызылқоға, Жылыой аудандарындағы 30 қария азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда қариялардың әрқайсысының тағдыры әртүрлі. Қартайған шақтарында немере-шөберелерінің ортасында отырмай, жалғызбасты күн кешуі көңіл қынжылтады. Алайда, осы келеңсіздіктерді діни тұрғыда түсіндіріп, оларға рухани азық сыйлауға асыққан орталық мамандары қарттардың батасын алып, оларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Көмек алған қариялар мерекеге орай ұйымдастырылған шараға жылы лебіздерін айтып, алғыстарын білдірді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close