Жаңалықтар

Атырау облысында балалардың діни сауаттылығын жетілдірудегі сынып жетекшілерінің рөліне арналған семинар өтті

Атырау облысындағы Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде және «Жәрдем-Атырау» ҚБ ұйымдастыруымен Исатай ауданы орта мектептерінің сынып жетекшілері, психологтары, организаторлары (ұйымдастырушылар) және дінтану пәнінің мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың діни сауаттылығын жетілдіруде сынып жетекшісінің рөлі» тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті.

Семинарға барлық мектептерден 102 ұстаздар қатысты. Аталған семинардың бірінші бөлімінде аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Махмутов және аудан әкімінің орынбасары Н.Абежан алғы сөз сөйлеп, өткізіліп отырған оқыту семинарының негізгі мақсатын түсіндіре кетті.

Аудандық ақпараттық талдау орталығының маманы Е.Насимуллин дін мәселесінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі кездегі қабылданған жарлықтар мен заңдар олардың, қандай мәселелерді қарағаны мен маңызын айтты.

«Шапағат деструктивтік діни ағымдардан шапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының Исатай ауданындағы теологы Н.Хаван ислам тарихын айта отырып, ислам дінінің қазақ халқы өмірін ертеден бері енгенін дәлелдеді. Мектеп оқушыларына тәрбие берудегі деструктивті діни ағымдардың қандай топтарға бөлінетіндігі және олардың өздеріне адам тартудағы әдіс айлалары туралы террорлық әрекеттер, кескін келбеттерін слайд арқылы көрсетіп айтты.

Түскі үзілістен кейін Салтанат Нұрбекова «Шапағат деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының психологы қатысушы ұстаздарға деструктивті діни ағымдарға ерушілермен жұмыстың психологиялық қырлары туралы айтты. Қатысушылардың белсенді қатысуын жүзеге асыруға тырысқан ойын тренингтер ұйымдастырды.

Айнұр Тергеусізова «Шапағат деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының маманы теріс діни ағымдардың адамдарды қалай арбауына түсіретінін, жолдарын айтты және өз өмірінен мысалдар келтірді. Сириядағы жағдайды баяндады. Туған жердің қымбат екенін түсінгенін айтты. Оқыту семинар курстың соңында сұрақтар қойылып тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ, қатысушыларға діни тақырыптағы кітаптар, бетшелер, газеттер, блокнот, қалам салынған папкалар және курс бітіргендері туралы сертификаттар берілді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close