Жаңалықтар

«Жылдың ең үздік дәріскері»

Атыраулық Мухиддин Омаров пен Сұлтангелді Сариев жеңімпаз атанды

31 қазан -1 қараша күндері аралығында Астана қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамалар орталығы» ҰАҚ қолдауымен «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау» мемлекеттік гранты аясында «Жылдың ең үздік дәріскері» республикалық байқауы болды.

«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» ұйымдастырған шарада Астана қаласының және республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері даярлау және қайта даярлаудан өтті. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырып жүрген мамандар қажетті теориялық біліммен қатар практикалық мүмкіндіктерін арттырды. Байқау шарты бойынша жүзеге асырылған көпшілік алдында сөз сөйлеу, көпдеңгейлі тестілеуден өту, практикалық жұмыстар курсқа қатысушылардың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін айқындауға жол берді. Оқу бағдарламасын толық меңгергендер тұрғындармен жүргізілетін ақпараттық түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыра алатын, экстремистік идеологияларға қарсы тұра алатын маман ретінде қалыптаса алады.

Дін саласындағы озық тәжірибелерді тарату, үздік кәсіптік білім мен дағдыларды меңгергендерді анықтайтын байқауда Атырау қаласындағы «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теологтары Мухиддин Омаров пен Сұлтангелді Сариев жеңімпаз атанды.

Атыраулық мамандарды жеңімпаз атануымен құттықтаймыз! Дін саласындағы қажырлы еңбектеріңіздің жемісін елмен бірге көріңіздер!

«Дүрбі»

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close