Жаңалықтар

Түсіндіру тобының мүшелері Дамбы ауылы тұрғындарымен кездесті

Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Дамбы ауылдық округінде тұрғындар және жастардың қатысуымен «Жастар және дін» атты кездесу өткізді.

Аталған шарада білім саласының ардагері, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Темірбек Марданов білім және тәрбие тақырыбында сөз өрбітсе, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Сұлтан Сариев дәстүрлі емес ағымдардың бет-бейнесін, олардан сақтанудың жолдары мен әлеуметтік желілерден келетін қауіпті тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Сириядан «Жусан» операциясымен елімізге оралған отбасы мүшесі Балжан Абдрахманова жалған діни ағымдардың қалай құрбаны болғанын, Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын жеткізді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close