Жаңалықтар

«Ислам құндылықтары мен қазақ дәстүрінің ұштастығы»

Осындай тақырыппен Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Атырау индустриалды колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Білім саласының ардагері, АТТ мүшесі Марданов Темірбек жиынға қатысып, Ислам діні – адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата-бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет-болмысының, мінез-құлқының айнасы екендігіп атап өтті.

Халқымыз Ислам дінін қабылдағаннан кейін ондағы адамның жаратылысына тән құндылықтар салт-дәстүріміз, әдет-ғұрыптарымыз бен наным-сенімдеріміздің негізіне айнала бастады. Бұл әдет-ғұрыптар мен сенімдердің негізгі қайнар көзі – Құран аяттарынан бастау алып жатса, олардың көбі Исламның екінші негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттерден тұрады.

Аталған шараға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының теологы Мұхидден Омаров қатысып, «Жастардың теріс пиғылдағы жат діни ағымдардың жетегінде кетуі — бүгінгі қоғамымыздағы басты дерттердің бірі. Оның басты себебі: дәстүрлі діні, мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрлері жайлы жеткілікті білімдерінің болмауы. Харизматикалық қасиеттерге ие теріс діни ағым насихаттаушысы діннен аз хабардар адамды оңай таниды және оны өз қарамағына тартып алады. Сол себепті, дін мәселесінде сұрақ туындаған кезде жауапты ең әуелі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының бекіткен имамдарынан, теологтардан және әр облыста қызмет жасайтын Дін істері басқармасынан алуға кеңес берді. Сондықтанда зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан-жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс» – дейді.
Ал, Сириядан «Жусан» операциясымен елімізге оралған отбасы мүшесі Балжан Абрахманова жалған діни ағымдардың құрығына қалай түскенін және Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, жастарға патриот болуға шақырды.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close