Жаңалықтар

«Дін саласындағы тұжырымдаманың негізгі бағыттары»

Осындай тақырыппен Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Атырау инженерлік гуманитарлық институтының студенттерімен кездесу өткізді.

Аталған шараға Атырау облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, мәдениет қайраткері, АТТ мүшесі Серік Мұхамбетов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Сұлтан Сариев және Сириядан «Жусан» операциясымен елімізге оралған отбасы мүшесі Перизат Еркінбай қатысты.

С.Сариев өз сөзінде қазіргі таңда қоғамға, отбасына қауіп төндіріп отқан салафизм ағымына тоқталып, кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттерге жат ағымының тарихымен, уағызшыларын, кітаптарын жан-жақты түсіндірме жасады. Діни фанатизмнен аулақ болуға шақырды.

Атырау облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетов қазіргі Қазақстан жеріне исламның таралуын, бүгінгі діни бірлестіктерді, жалған діни ағымдардың идеологиясын әңгімеледі. Жастайынан жалған діни ағымдардың құрбаны болған П.Еркінбай Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, жастық шақтың қанша уақытын жоғалтқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар студенттерге соқыр сенімнің жетегінде кетпей, ата-ананың, бауырлардың, отанның, білім алудың, уақыттың қадірін түсіну керектігін жеткізді.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close