Жаңалықтар

Теолог Талғайран мектебінде дәріс өткізді

Талғайран орта мектебінің ұйымдастыруымен 7,8,9-сынып оқушылары арасында «Теріс ағымның арбауынан сақтандыру» тақырыбында теологпен кездесу өтті.

Жиынға «Шапағат» ҚҚ теолог маманы Мухиддин Омаров пен аталмыш қордың маманы Айнұр Тергеусізова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

М.Омаров ислам дінінің негізгі міндеттері, мақсаттары, діндегі білім алудың маңыздылығы, діннің талаптарындағы ата-ананың рөлі, қоғамдағы тыныштықты бұзбаудың маңыздылығы жайлы түсінік берді. А.Тергеусізова жастарға ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарға негізделген халық құндылығы жайында мағлұмат бөлісті. Сондай-ақ, теріс жолдың арбауына қалай түсіп, одан қандай жолмен арылғандығын атап өтті.

Кездесу барысында оқушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Кездесуге 30 адам қатысты.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close