Жаңалықтар

Тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» ұйымы жайлы материалдарды WhatsApp-та таратқан алматылық екі әйел сотталды

Durbi.kz. Қарлығаш Адасбекова мен Дария Нышанованың 5 жылға бас бостандығы шектелді. Бұл жайлы Терроризмге қарсы комитет РҚБ-ның ресми сайты хабарлады.

27 қаңтар күні Алматы қаласының Алмалы аудандық соты «діни алауыздықты қоздырды» және «тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» ұйымының жұмысына араласты» деп айыпталған Қарлығаш Адасбекова мен Дария Нышанованың бас бостандығын бес жылға шектеді.

Судья 45 жастағы Адасбекова мен 29 жастағы Нышанованың айыбы толық дәлелденгенін, олардың ісі ауыр қылмыс санатына жататынын айтты. Қылмыстық Кодекстің 174-бабында (Діни араздықты қоздыру) 5-10 жылға дейінгі жаза қарастырылғанын, бірақ Адасбекованың бір бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әйел екенін, Нышанованың қарт туыстары барын ескеріп, бес жыл бас бостандығын шектеу жазасын бергенін жеткізді.

Бұл іс бойынша сот 2019 жылы қыркүйек айында басталды. Прокурор О.Жарқымбек соттан екі айыпталушыны алты жылға түрмеге қамауды сұраған. Ал адвокаттар қылмыстық құрамның жоқтығынан екі айыпталушыны ақтауды сұраған.

Адасбекова мен Нышанова WhatsApp арқылы материал таратқандарын жоққа шығармайды. Алайда олар бұл әрекеттерін «араздық қоздыру» деп санамайды және «Хизб ут-Тахрир» ұйымына қатысымыз жоқ дейді.

«Хизб ут-Тахрир» ұйымы «діни экстремистік ұйым» деп танылған. Олардың мақсаты – «бүкіләлемдік халифат» құру.

durbi.kz

Tags

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close