Жаңалықтар

Мобильдік топ Жылыой ауданында болды

Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы 27 қаңтар – 21 ақпан аралығында өз жоспарына сәйкес аудандарды аралайтынын бұған дейін хабарлаған едік. Арнайы мобильдік топ Жылыой ауданындағы №19 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Аталған шараға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теолог маманы  Сұлтангелді Сариев пен Шүкіріддин Темірқұлұлы қатысып, дәстүрлі рухани-имандылық, діни құндылықтарды, қазақ салт-дәстүрін дәріптей отырып, дәстүрлі емес ағымдардың бет-бейнесін, олардан сақтанудың жолдары мен әлеуметтік желілерден келетін қауіпті айтты.


Сонымен қатар, жалған діни ағымдардың арбауына түсудің жолдарымен зияндарын түсіндірген Сириядан елімізге оралған отбасы мүшесі Перизат Еркінбай Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, бүгінде жастарға, облыс тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуді мақсат еткенін жеткізді.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close