Жаңалықтар

Ақпараттық-түсіндіру тобы Мақат ауданында болды

Теологтың кездесуі «Болашақ» балалар үйінде жалғасты. АТТ мүшелері Үмбетова Руза, Мыңтұрғанов Қуат, Төлешқалиев Есенжан және аудандық Ақпараттық талдау бөлімінің маманы Алиева Раушан қатысып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Аталған шарада АТТ мүшесінің құрамы Төлешқалиев Есенжан: «Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды қалай сақтап жүрміз дейтін болсақ, өкінішке қарай, өте нашар сақтап жүрміз. Кеңес кезінде көптеген ұлттық құндылығымызды «ескінің қалдығы» деген сылтаумен көзін құртпақ болса, қазіргі кезде қой терісін жамылған қасқырлардай миссонерлер мен түрлі діни ағымдардың пиғылы жастарды шатастырып, халықты адастырып жүрген жайлары бар» – дейді.


Ал келесі АТТ құрамының мүшесі Руза Үмбетова: «Әр мемлекеттің болашағы – ең алдымен сол елдің өскелең ұрпағы. Сондықтан өскелең ұрпаққа бүгінгі күннің талабы білімді, тәрбиелі азамат болып қалыптасуы басты міндет. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп айтқан» – дейді.

Сонымен қатар, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының теологы Сұлтан Сариев жалған діни ағымдардан сақтанудың жолдары мен зияндарын түсіндірді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close