Жаңалықтар

Атырау облысының бас имамы мешіттердегі жұма және бес уақыт намазды уақытша шектеу​ мәселесін​ түсіндірді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұма намазын және бес уақыт намазды уақытша тоқтату туралы мүфтият жариялаған пәтуаға байланысты түсінік берді.

​«Бұл жағдай елімізде, сонымен бірге, әлемде орын алған қауіпті ахуалға байланысты туындап отыр. Қазақта «Сақтансаң, сақтармын» деген керемет тәмсіл бар. Алла Тағала адам баласына оның өмірі мен денсаулығын аманат етіп тапсырған.

Қазіргі жағдайда мешіттерде жамағат болып намаз оқуға уақытша тоқтатылып отыр. Яғни, мешіттерде бес уақыт азан шақырыла береді. Бірақ, бес уақыт намазды әркім өз үйінде оқығаны дұрыс.​

Сол сияқты, жұма намазын да жамағат болып оқуға әзірге шектеу қойылып отыр. Бұл пәтуа​ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің бүгінгі отырысында қабылданды. Басты мақсатымыз —​ халық саулығын қамтамасыз ету» деп нақтылады Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.​

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close