Жаңалықтар

Теолог кеншілермен кездесті

«Шапағат» қоғамдық қорының мамандарын арнайы шақыртуымен «Қазпромставба-Құлсары» ЖШС-ның қызметкерлерімен теріс діни ағымдар жайлы түсіндіру бағытында кездесу өтті.

Аталған шараға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Мухиддин Омаров қатысып, тақырып аясында түсінік жұмыстарын жүргізді.

Жиын діни ұйымдардың теріс жолдарын және экстремизмге қатысты проблемалық мәселелерін айқындау, оның шешімін табу жолдарын қарастыру, қоғамның дінге байланысты ойларын, көзқарастарын ортаға салу, деструктивтік діни ағымдардың таралымы туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Теолог Мухиддин Асқарұлы теріс діни ағымдар солардың ішінде уаһабизм терроризм жайлы ашық айқын түсіндіріп ескертті. Радикалды ағымдардың пайда болуы және оларды дәстүрлі Исламнан қалай ажырата білу керек екендігін түсіндіріп, оның алдын алу жолдары туралы, ата-ананың балаға деген қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігі жөнінде сөз қозғады. Кездесу соңында қызметкерлердің сұрақтарына теолог тарапынан жауаптар берілді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close