Жаңалықтар

Карантиндегі Рамазан: Атырау облысының Бас имамы онлайн брифингте өзекті мәселелерге жауап берді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн брифинг өткізді, деп хабарлады “Иманғали” орталық мешітінің баспасөз-қызметі.

“Мұсылман әлемі үшін қасиетті Рамазанның алғашқы күні 24 сәуірге келіп отыр. Ораза Қазақстан, Мысыр, Түркия, Ресей, Қырғызстан елдерінде бір күнде басталады. Бұл астрономиялық негіздеуге сүйеніп жасалған шешім.

“Ораза Айт намазы мамырдың 24-і күні өтеді. Биылғы жылы Рамазан өзгеше жағдаймен тұспа-тұс келіп отыр. Өкінішке орай, әлемде болып жатқан індетке байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай, мешіттерде намаз оқылмай келе жатыр. Және Тарауық намазын әр адамға шаңырағында оқуға кеңес береміз.

Ал, ауызашар бергісі келгендер, асханаларға тапсырыс жасап, жеткізу қызметін пайдалану арқылы, сауап жинай алады. Осы ретте мұқтаж бауырларымызды қолдауға шақырамын” деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close