Жаңалықтар

Коронавирус пандемиясына қарсы Атырауда атқарылған шаралар баяндалды

Тікелей эфирде өткен брифингте Атырау облысының Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев Атырау облысындағы діни ахуалға тоқталып, әлемдік проблемаға айналған коронавирус мәселесіне орай басқарма тарапынан облыстағы 44 діни бірлестікке хат жолданып, мән-жай түсіндіріліп, қандай шаралар қолдану керектігі, құлшылық орнына келушілерді жинамау қажеттігі нақтылап айтылғанын жеткізді. Сондай-ақ, төтенше жағдай режимі бұзылса, ҚР ӘҚБтК-тің 476 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК (26 мың теңге) көлемінде айыппұл салынатынын ескертті.

-Тарихқа қарасақ, мұндай алапат жағдайлар бұрында да болған. Қазір коронавирус болса, осындай жұқпалы ауру бұрын оба, шешек түрінде тарады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «оба ауруы шыққан жерден ешкім шықпасын, ол жерге ешкім кірмесін» деп бұйыруының өзі, жұқпалы аурудың жайылуының алдын алу шарасын жүзеге асыру керектігін білдіруде. Денсаулық және адам өмірі Алланың берген аманаты. Дәл қазіргі жағдайда үрейге бой алдырмау керек,- деп атап өтті өз сөзінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close