Жаңалықтар

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Рамазан айымен құттықтады

Қымбатты жерлестер, облыс тұрғындары!
Барша мұсылман жұртшылығы үшін қайырлы Рамазан айымен құттықтаймыз. Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Ата-бабамыз әрдайым бұл айға ерекше құрметпен қарап, қоғамға пайдасы тиер игі амалдарын көбейтуге асыққан.
Қазіргі карантин жағдайында біз өзіміздің ізгі амалдарымызбен қатар, қасиетті айға тән сабырлық пен төзімділіктің, байсалдылық пен ұстамдылықтың жарқын үлгісін көрсететінімізге сенімдіміз.
Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай!
Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта бергей!
Құрметпен, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close