Жаңалықтар

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі пара алғаны үшін ұсталды

Қызылордада полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлер арасында жемқорлықты болдырмау және заңдылықты сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізді. Аталған шара барысында департаменттің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі пара алғаны үшін ұсталды.

«Бүгінгі таңда оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша (пара алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның барысында күдіктінің жасаған іс-әрекетіне сәйкес заңда белгіленген тәртіппен тиісті құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесінде өзге ақпараттар жариялануға жатпайды. Полицияда погондарына кір келтірмейтін, адал және жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлер жұмыс істеуі тиіс», – деп атап өтті Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

durbi.kz

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close