Жаңалықтар

Қазақстанда соғыс аймақтарынан қайтарылған балаларға жәрдемақы төленеді

Лаңкестік әрекеттерден зардап шеккен балаларға заңнамалық деңгейде қолдау көрсетілетін болады, деп хабарлады Терроризмге қарсы комитеттің ресми сайты. Бүгінгі таңда соғыс аймағынан 447 бала мен 164 әйел оралды. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі оларды әлеуметтік оңалту жұмыстарымен айналысады.

«Бүгінгі таңда Білім және ғылым министрлігінің ұйымдары лаңкестік әрекет аймағынан оралған барлық балалармен жұмыс жүргізуде . Мектеп жасындағы 198 бала білім беру ұйымдарына тіркелген, қашықтықтан білім алуда, олармен мектеп психологтары мен педагогтары, сынып жетекшілері жұмыс істейді, бекітілген жауапты тұлғалар бар.Жергілікті жерлерде жүргізілетін барлық іс-шаралар кешеніне келетін болсақ, қазіргі уақытта бізде барлық аймақтарда сапаны бақылау жөніндегі аумақтық бөлімдер бар. Бұл балалармен жұмыс бақылауға алынады. Бұл процесс Білім және ғылым министрлігінің тұрақты бақылауында»,- дейді толықтырды Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

durbi.kz

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close