Жаңалықтар

Ақпараттық топ мүшелері тікелей эфирде сұхбаттасты

Карантиндік шектеулердің жалғасуына байланысты Атырау облысы көлеміндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары онлайн форматта жалғасуда.

Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Жардем-Атырау» КФ-ның ұйымдастыруымен Атырау қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, мәдениет қайраткері, облыстық АТТ мүшесі Абат Кенжеғалиұлы мен АТТ мүшесі Ернар Абзаловтың қатысуымен фейсбук әлеуметтік желісінде «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ» тақырыбында тікелей эфирде сұхбаттасты.

Эфир барысында Абат Кенжеғалиұлы ұлттық құндылықтың үш тұғыры – тіл, мәдениет, дін екенін назарға алып, рухани жаңғыру кезеңінде осы үш тұғырдың өркендуі мен өміршеңдігі ұлттың болашағын айқындайтынын баса айтты. Сондай-ақ, ел ағасы діндарлықтың қазақ дүниетанымындағы орнын, өзінің бала кезінде көрген ауыл молдаларының бейнесін еске алды. Сондай-ақ, бала кезінде ауыл ақсақалдарынан естіген пайғамбарлар қиссасы баянын да әлі ұмытпағанын айтып, Әйіп пайғамбардың қиссасынан үзінді келтірді. Осы құндылықтар жойылса ұлттың болмысы жойылатынын, ұлттың өзегі жойылатынын жас ұрпақ еске сақтау керектігін тілге тиек етті.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close