Жаңалықтар

Азаматтар онлайн құрбандық шала алады

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

Біз қазір сындарлы сәтте отырмыз. Мұндайда «бетеге кетсе бел қалар, беттен кетсе ел қалар, бетегең кетсе нең қалар» демей ме? Үрейге емес, үмітке қанат бітірейік. Алдымызда мұсылман баласы аса күткен ұлық мейрам  – Құрбан айт келе жатыр. Биыл  мейрам 31 шілде,1-2 тамызға келіп отыр. Алайда карантин 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, мешіттер жабық болуына қатысты 31 шілде Құрбан айт намазы оқылмайды, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ол атап өткендей, құрбан шалу жағдайы келген азаматқа уәжіп болып есептеледі.

Діни басқарма ел мұсылмандардың өтінішін ескере отырып, биылғы жылы алғаш рет Құрбан айт қарсаңында, халықаралық ережелерге сүйеніп, қашықтан құрбан шалу бастамасын қолға алдық. Осы мақсатта Qurban2020.muftyat.kz сайты ашылып, бүгіннен бастап 24 сағат бойы іске қосылады. 31 шілдеге дейін құрбандық шалуға онлайн тапсырыс қабылдайды. Кез келген азамат құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады, – деді ол.

Наурызбай қажы атап өткендей, іске қосылғалы тұрған жүйенің кейбір кемшіліктері болуы мүмкін.

Техникалық ақаулар болып жатса, түсіністікпен қарауға шақырамыз. Онлайн құрбандық жүйесін ашудағы мақсат пайда табу емес, халықтың құрбан шалуға деген қажеттілігін жүзеге асыру. Онлайн тапсырыс арқылы осы кезге дейін малды өзіміз таңдау, қасапшының қасына барып, өзіміз қатысу секілді жағдай болмайды. Бұл жоба келесі жылы да жалғасын табады деген үміттеміз, – деді ол.

дереккөз: baq.kz

Tags

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close