Жаңалықтар

Атыраулықтарға көмекке 280 дана оттегі концентраторы жетті (ВИДЕО)

Durbi.kz. Коронавирустан зардап шеккен атыраулықтарға 280 дана оттегі концентраторы көмекке келді. Бұл туралы исламтанушы, қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлы өз парақшасында мәлімдеді.
«Оттегі концентраттарының тікелей Атырау қаласына жетуі үшін арнайы тегін ұшақ бөлдірген ҚР Премьер министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мырзаға рахмет» деп жазды бүгін Қайрат Жолдыбайұлы фейсбуктегі парақшасында.
Еске сала кетсек, біраз уақыт бұрын Қайрат Жолдыбайұлы бастаған бірнеше қоғам қайраткерлері мен желі жұлдыздары «Шұғыла» қорымен бірлесе отырып оттегі концентраторын сатып алу туралы бастама көтерген болатын. Нәтижесінде халықтан 450 000 000 тг көлімінде қаражат жиналып, оған 4000 дана оттегі концентраторы сатып алынған еді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close