Жаңалықтар

Орал қаласында әзірленген теракт жайлы ҰҚК кеңірек мәлімет берді

Durbi.kz. Оралда құқық қорғау органдары мен әскерилерге қарсы «қарулы жиһад», яғни терроризм актілерін жасау үшін ұйымдастырмақ болған топ мүшелеріне былтыр наурыз айында сот үкімі шықты. Қазақстанда тыйым салынған террористік «ДАИШ» ұйымының идеясын негізге алғанқ топтың «жоспарлары» жайлы ҰҚК енді толық мәлімет берді.

Олар бірнеше ай бойы тонау мен Оралдағы кәсіпкерлерді кепілге алып, құн сұрау жайлы қылмыстардың сериясын жоспарлаған.  Ірі резонанс  тудыру үшін тілшілерді де кепілге алмақ болған. «Салафи жиһад» бағытын ұстанатын, діни радикалдық көзқарастағы олардың басты мақсаты Орал қаласында құқық қорғау органдары мен әскерилерге қарсы «қарулы жиһад», яғни терроризм актілерін жасау еді. Екі жылдан кейін ҰҚК жоспарларын толық айтты.

Террористік топты құрушы Жүнісбек Жамалов Атырауда тәрбиеленген. 2013 жылы ұрлық үшін ұсталып, қарт ата-анасы бары ескеріліп шартты жаза берілген. Жұмыссыз жүрген ол Ғаламтордағы псевдосалафит «шейхтердің» дәрістерін тыңдай берген. 2016 жылы Орал қаласына келіп жұмысқа орналаспақ болады. Жүк тасушы болып қоймаға жұмысқа кірген ол сол жерден өзімен радикалды «пікірлес» адамдар жолықтырады.

Олардың тобындағы Боранов өзін дұрыс жолға бағыттамақ болған егде жастағы имамды сабап, жаңадан тапқан «достарының» алдында «абырой» жинағысы келген.Топтарын «Халифат» деп атаған. Құрамына намаз оқуға енді ниеттенген ештеңеден хабары жоқ жастарды, соның ішінде физикалық жағынан мықтыларды тартады. Топ құрамындағы бесеуінің жасы әлі жиырмаға жетпеген деп хабарлады ҰҚК.

Топ басшысы, яғни «әмір» ретінде Жамаловты сайлап, қалғандары оған ант берген. Олар сағатқа жалдамалы пәтерлерде жоспарларын пысықтап жүреді. Екі аңшы «шолақ» мылтықтарын оқ-дәрісімен тауып, ату тәсілін бір-біріне үйретіп, дайындалған. Кәсіпкерді кепілге алу арқылы мол қаржы жинап, атыс күші мықты қару алуды ойластырады. Содан кейін қылмыстық топ полиция, әскери бөлімдерге күтпеген жерден шабуыл жасауды жоспарлаған екен. Жергілікті БАҚ өкілдерін кепілге алып, солар арқылы тікелей эфирге шықпақ болған. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті БҚО бойынша департаменті қызметкерлері террористік топты  2018 жылы 25 маусымда тұтқындаған. Олардан қару, діни әдебиеттер табылған. Олар кінәні бір-біріне жаппақ болса да, тергеу кезінде әрқайсының орны анықталады.

Террористік акт дайындау, насихаттау, террористік топ құру мен оған мүшесі болғандары толық дәлелденіп, Жамалов пен Боранов 13 жылға, Кариев 12,5 жылға, қалғандары 3-тен 5 жылға дейін мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Мақалада олардың аты-жөндері өзгертілді.

өз тілшіміз

Tags

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close