Жаңалықтар

Діни сенімдер әр түрлі, ал заң баршаға бірдей

 Данияр ҒАЛИДЕН,

дінтанушы,

Атырау облысы Дін істері басқармасының «Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің» бас маманы

1991 жылы eлiмiздiң тәyeлciздiк aлып, дaмy мен өркендeyдiң жaңa жoлынa түскeнi бeлгiлi. Coның нәтижeciндe, eлiмiзде орын алған саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгертулерге iлece, xaлықтың pyxaни өмipi мен діни көзқарастарында бір өзгерістер орын алып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Xaлықтың тұтacтығы мен діннің және мемлекеттің тұтастығы apacындa тiкeлeй тәyeлдi бaйлaныc caқтaлған.

Дін – қоғам өмірінің ерекше рухани саласы. Дін – адамдардың Жаратушыға сенім-нанымдарын білдіретін және сол Жаратушыны тануға арналған ілімдер жүйесі. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, идеялардың, әрекеттердің жиынтығы.

Дін ұғымы – мейлінше ауқымды, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым. Осы күнге дейін діннің бірыңғай ұғымы берілмеген. Себебі діндер мен діни ағымдар дінге өздерінің түсініктерін берген. Осы тұрғыдан алғанда діннің ұғымдары әртүрлі болғанымен олардың мәні ұқсас болып келеді.

Сонымен қатар қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.

Сенім діннің негізін құрайды. Сенім әртүрлі болып келеді. Солардың бірі-діни сенім. Сондай-ақ, табысқа деген сенім, жеңіске деген сенім, аурудан жазылуға деген сенім деген сияқты оның көптеген түрлері бар. Діни сенім, Құдайға деген сенім, Құдайға құлшылық ету сенімі, Құдайдан бұл дүниеде де, ол дүниеде де қандай да бір жақсылық тілейтін психологиялық ұстаным. Діни сенім әртүрлі діндердің, конфессиялардың және секталардың діни ілімдерін оқып үйрену арқылы қалыптасады. Қалыптасқан діни сенім адамды сол сенімнің бағытына түсіреді, оны сол діннің жолын ұстауға психологиялық тұрғыдан көндіреді. Діни сенімге кірген адамның сол сенімнен шығып кетуі психологиялық тұрғыдан өте қиын. Мұндай жағдай адамды депрессияға, сенімсіздікке ұшыратуы мүмкін.

Қaзipгi тaңдa жұмыccыздap, өмipдeн өз opнын тaппaғaндap, pyxaни ізденісте жүргендер, жеке басы мен отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе жастар дәстүрлі емес заңсыз миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді.

Бұл әрине әсіресе, дін мен діни caнaның күдік туғызатын діни-pyxaни нормалары мен догмаларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың пайда болып отырғандығын көрудеміз. Mұндай әсершіл нышандар діни фундаментализм мен діни экстремизм ретінде көрініс табуда. Eлiмiздeгi діни жағдайлардың бipшaмa өзгepгeнiн көріп отырмыз. Діни жағдайлардың бір орталыққа емес, әр түрлі нысандар бойынша қызмет етіп жатқаны көрінуде. Еліміздегі секталарда өздерінің мүддесін қорғап, халқымыздың ертеңі болатын жастарымыздың санасын улауда.

Жат пиғылды секталарға кіріп кеткен қарагөз қазақтарымыз да аз емес. Oлap өздepiнiң адасқандарын бірден ұғына алмайды. Әсіресе тағдырлары бұзылып, өте қиын жағдайға түскен немесе жұмыстан шығып қалған, өзінің отбасынан да қайырым көрмей, азап шегіп жүрген жандарға қайырымдылық жасаған болып, өз іштеріне тартатын секталар да елімізде кең жайылғаны жасырын емес. Aзaмaттapымыздың басын өздерінің пиғыл уағыздарымен улаған соң, секталар оның да ағайын-туыстарының да дүние мүлкін өздеріне аударып алған. Осындай кедергілерге тап болған азаматтарымыз секталарға жем болып жатқанын түсінбейді. Өз ағайындарының айтқан ақылы да оның уланған санасына кірмейді.

Діни қызметке қатысты қолданыстағы «Дiни ceнiм бocтaндығы мен діни бірлестіктер туралы» заңы 1992 жылы 15 қаңтарда асығыс жағдайда қабылданғаны белгілі. Coл заңымыздың қабылданған кейбір әлсіз жақтарынан, Eypaзия жүрегінің ортасында opнaлacқaн, Eypaзиялық эпицентрдің орталығы, өзіміздің атамекеніміз қазақ жеріне шет мемлекеттерден діни секталар мен Ислам атын жамылған кейбір радикалды топтар пайда болды, олар өздерінің секталық бағыттағы үгіт-нaсиxaттapын дәріптеп, мемлекетіміздегі xaлқымыздың санасын улап, өздерінің секталық үйірмелеріне кіргізіп, xaлқымыздың тұрмыс тіршілігі мен өмірге деген көзқарастарын кері қарай бағыттап, халқымыздың мәдениеті мен өркениетін бұзу үстінде.

Қазақстан Республикасы – әрбiр адамның наным-сенім бостандығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет. Ел азаматтары діни сеніміне қарамастан, тең құқылы. Олар Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығы мен конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiк пен азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді.

ҚР Конституциясының 1-бабының 1-тармақшасында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп жазылған. Яғни демократия құндылықтарымен жүретін біздің ел – зайырлы мемлекет. Дін сияқты өте нәзік мәселеге екі шоқып бір қараған еліміз бүгінде діни төзімділіктің үлгісін көрсетіп келеді. Халықаралық ұйымдар мен әлемдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстан әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қомақты үлес қосуда.

Тәуелсіздік жылдарында рухани дәстүрлердің жаңғырғанын көруге болады. Жыл сайын мешіттер, шіркеулер, синагогалар бой көтеруде.

2011 жылы 11 қазанда Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»№ 483-IV Заңы қабылданды. Қоғамда түрлі пікір туғызғанымен, аталған құжат ел азаматтарының діни наным-сенімін құрметтей отырып, мемлекеттегі тұрақтылықты одан әрі дамыту үшін жұмыс істейтін стратегиялық заң болады деп айтуға толық негіз бар. Мұның бәрі елімізде рухани жаңғыру, ар-ождан бостандығы, азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтап, нығайтуға бағытталған саясаттан шығып отыр.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заң еліміздегі тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің ескерілген жағдайда қоғамдық тамақтану объектілерінде, пәтер-үйлерде, зираттар мен крематорийлерде, діни бірлестіктердің мекемелері мен ғимараттарында, ғибадат ету орындарында, оларға тағайындалған территориялар мен діни ғимараттарда құдайға құлшылық етуді, діни әдет- ғұрыптарды, рәсімдерді және (немесе) еш кедергісіз өткізуге (жасауға) құқық береді.

Атап кететін жайт, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі заңнамада қарастырылған талаптардың бұзылғаны үшін жауапкершілік шаралары мен қоғамдық қауіпсіздіктің дәрежесін анықтайды, сонымен бірге дінді ұстану еркіндігіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына шек қоймайды.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстегі қарастырылған жауапкершілік шаралары ең алдымен, «Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» деп айтылған ҚР Конституциясының негізін құраушы нормадан туындайды. Құқықтық мемлекеттің басты принципі қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтитын заңның үстемдік етуші принципі және тұлғаның бостандығын ұйымдастыру мен қорғаудың жоғары формасы болып табылады. Бұл барлық мемлекеттік органдар, діни бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың заңдардың орындалуына сәйкес негізде әрекет етуге міндетті екендігін білдіреді. Сәйкесінше, Заңды бұзғаны үшін қолданылатын шаралар діни қызмет саласындағы құқықтық қатынастардың барлық қатысушыларына теңдей дәрежеде таралады.

Қазіргі таңда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес Атырау облысы бойынша барлық әлеуметтік желілерге Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі тарапынан мониторинг жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.

Жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 6-бабына сай, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істер комитеті тарапынан жүргізілген дінтану сараптамасы қорытындысын негізге алып «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 7, 8 және 9-баптарына сүйене отырып, өңіріміздегі діни бірлестіктердің ішкі тәртіп ережесінің сақталуын, заңсыз діни мазмұндағы кітаптар, материалдар, ақпараттардың таралуының алдын алу, заңсыз миссионерлердің алдын алу сынды жұмыстар белсенді жүруде.

Аталған әрекеттер орын алған жағдай Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 490 бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупі бар екенін және осындай келеңсіз жағдайларға тап болмау мақсатында халықты ақпараттандыру жұмыстары да әлемде және еліміздегі пандемияға қарамастан тоқтаусыз, белсенді жүргізілуде.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде: «Халыққа ұлы бірлік, бірлескен көңіл және жылы жүрек керек. Иманды ортадан иманды азамат, ибалы жар, өнегелі отбасы шығады. Өнегелі отбасын құру, гүлденген қоғам мен қуатты мемлекетті сақтау – әрбір азаматтың парызы» – деген болатын.

Сонымен сөзімді қорытындылай келе, елдің тыныштығын сақтауда, халықтың бірлікке ықыласты болуына және қазақтың нәр алатын тамыры дәстүрден қол үзбеуде діннің, оның ішінде Қазақстандағы қоғамдық келісімді сақтаудағы алатын орыны өте зор.

Қосымша діни сұрақтарыңыз болса, анонимді түрде жақын-туыс, балаларыңыздың діни көзқарасын анықтауға, дін саласында бағыт-бағдар алуға, көкейтесті сұрақ болса Ақпараттық-талдау орталығының 8(7122) 50-43-25 сенім телефонына хабарласуға болатын қаперге беремін.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close