Жаңалықтар

Мақат орталық мешіті жергілікті ауруханаға оттегі концентратын тапсырды

Барлығы 6 оттегі аппараттарын орталық ауруханаға Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов тапсырды.

Оттегі аппараттарын “Сәби” қайырымдылық қоры арнайы демеушілікпен жеткізіп отыр.

“Пандемияға байланысты көп нәрсе өзгеріп жатыр. Өкінішке орай, жұқпалы дерт көптеген адамның өмірін алып кетті.

Шүкір, қазіргі уақытта елдегі ахуал тұрақтанып келеді. Десе де, “Сақтықта қорлық жоқ”. Бұл оттегі аппараттары талай өмірді құтқаруға себеп болады деп сенеміз” дейді Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close