Жаңалықтар

Республикалық «Учаске» профилактикалық іс-шарасы басталды

2020 жылдың 7 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында ҚАЖ Департаменттің қалалық және аудандық пробация қызметтерінде «Учаске» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Күшейтілген іс-шара желісінде шалыс басып, қателікке шалдығып қоғамнан оқшауланған тұлғалар арасында қайта қылмыс жасау фактілерінің алдын-алу мақсатында тұрғылықты мекенжайынан тексере отырып, профилактикалық және психологиялық бағытта сұхбат жүргізілуде. Сонымен қоса, әр сотталғанның тұрмыс-тіршілігін, отбасы жағдайын, қайталап қылмыс жасауға деген бейімділігін анықтау жұмыстары да атқарылып жатыр.

Қазіргі таңда Атырау қалалық пробация қызметінде 832 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлға тіркелген. Қызметкерлер тарапынан жазатайым жаза басқандарға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмектер көрсетілуде.

Әсел Рахметоллақызы

Атырау қалалық пробация қызметі бөлімі

 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close