Жаңалықтар

Атырау мешітінде 50 балаға оқу құралдары берілді (ВИДЕО)

“Мектепке жол” акциясы аясында Атырау мешіттері 235 баланы мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етіп отыр.
Бүгін Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешітінде 50 балаға оқу құралдары жинақталған сөмкелер сыйға тартылды.
Акция аясында негізінен әлеуметтік жағдайы төмен және “Жусан” операциясы арқылы елге оралған отбасылардың балалары қамтылып отыр. Биыл облыс мешіттері “Мектепке жол” акциясына 3 млн 600 мың теңге жұмсап отыр.

«Біз балаларымыздың білім алуына жағдай жасауды жалғастырамыз. Баршамызға Алла разы болсын. Бұл бірлескен істің нәтижесі” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, жақында ғана орталық “Иманғали” мешітінде 40 балаға планшет тапсырылған болатын.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА,
Атырау қаласы
Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close