Жаңалықтар

«Жусан» операциясымен елге оралғандар арасында интеллектуалды сайыс өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «Шапағат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен орталық мамандарымен тығыз байланыста келе жатқан «Жусан» операциясы аясында елге оралған отбасы мүшелері арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.
Халқымыздың рухани байлығын игеруде, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан дәстүрін насихаттау, өз дініне, тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс төрт кезеңнен құралды. Әр кезең 5-6 сұрақты қамтыды.
«Мақал-сөз атасы», «Ата дәстүр ұрпаққа өнеге», «Дін ислам діңгегім» және «Тарих ғасырлар куәсі»
бөлімдеріне екі адамнан құралған үш топ қатысты. Қатысушылар мақал-мәтел сайысында өте белсенді болды.
Тартысты сайыс нәтижесінде І орын екі адамға жиырма мың теңге, ІІ орын екі адамға он мың теңге, ІІІ орын екі адамға бес мың теңгеден сыйлық, «Технодом» сауда үйінің тұрмыстық заттарына ақшалай сертификат және дипломдар берілді.
Қатысушылар сұрақтардың күрделі болғанын, салт дәстүрден алыстап кеткендіктен жауап беру қиындық тудырғандығын ортаға салды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
«Шапағат» орталығы

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close