Жаңалықтар

Ақпараттық түсіндіру тобы мүшелеріне арналған шешендік өнерге арналған семинар-тренингі өтті

«Шапағат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Атырау облысы Дін істері басқармасы, Ақпараттық талдау орталығы мамандары және ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерін шешендік өнерге баулуға арналған бір күндік семинар-тренингі өтті. Аталмыш шара Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығының мемлекеттік тапсырысы аясында өткізілді.
Шараның мақсаты аймақтағы дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің көпшілік алдында толғамды ой, түйінді пікірлерді жеткізуге баулу.
Курс барысында қоғам талқылауындағы діни өзекті мәселелер сарапталып, аудитория алдында сөйлегенде ескерілу керек басты қағидалар түсіндірілді. Арнайы лектор ретінде «Work and Live» тренинг орталығының директоры Нұрлан Азаматов өзінің тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға түрлі қызықты ойын ұйымдастырды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, магистр Венера Турегалиева «Саногендік ойлаудың арт-терапиясы арқылы тренинг» тақырыбында лекция оқып, өзіндік әдіс-тәсілдерімен тәжірибе арқылы бөлісті.
«Қазақ халқы ежелден шешендік өнерді жоғары бағалаған. Ата-бабамыз осы арқылы ел арасындағы дауларды шешіп, бітім айтып отырды. Технологиялар қарыштап дамыған бүгінгі заманда адамдар арасындағы байланыс басқаша өрбіп, сөйлеу мәдениеті кенже қалып барады. Тіліміз бай дегенімізбен, сол барымызды бүгінде қолдана алмай жүргеніміз жасырын емес. Сондықтан бүгінгі семинар-тренингтің барлығымыз үшін берері бол деп есептеймін. Әсіресе, деструктивті діни ағым өкілдерімен диалогқа түсетін теологтар мен АТТ мүшелері бүгінгі жиыннан құнды ақпараттарды ала алады деп ойлаймын, – деді семинарда Толыбай Шәкіров.
Тренинг соңы тәжірибелік әдіске ұласып, қонақтар мен қатысушалар шешендік өнердің теориялық және тәжірибелік әдіс-тәсілдерді кеңінен талқыға салды.
«Шапағат» орталығы
Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close