Жаңалықтар

Мақат ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Мақат ауданының әкімдігінде ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен мемлекеттік қызметшілермен «Ұрпақ тәрбиесі» және «Болашақ тірегі жастар» тақырыбында кездесу өтті.
Аталмыш жиынға «Шапағат» қорының теологы Мухиддин Омаров және Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Билал Сүндетұлы қатысып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында аудан бас имамы Билал Сүндетұлы Ислам дініндегі отбасы тәрбиесі, перзенттің ата-ана алдындағы міндеттері тақырыптарында баяндама жасады.
«Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы Мухиддин Асқарұлы қазіргі таңдағы жастардың интернет желісі арқылы теріс тармақтарға кетіп бара жатқандығы, соның ішінде теріс діни ағымдар жетегінде кетушілердің көп екендігін атап өтті. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтар жайлы толықтай түсінік жұмыстарын жүргізді.
«Шапағат» орталығы

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close