Жаңалықтар

Оралда деструктивті діни ағым мүшесі масаң күйде көлік айдап ұсталды

Биылғы 16 қазан күні БҚО-ның Теректі ауданының У.Л. есімді тұрғыны Даумов көшесінде Toyota Camry көлігін есірткі пайдаланып, масаң күйде басқарып келе жатып ұсталған.

Масаң күйін тіркеу үшін жүргізілген медициналық куәландыру «есірткі-каннабиноидтар тұтынудың әсерінен болған (марихуанна есірткі) масаң күй» деген №9104 қорытынды шығарған.

Сот отырысында У.Л. кінәсін мойындады. Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты У.Л-ды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бап бойынша оған әкімшілік жаза ретінде 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазаны қолдану жайлы шешім шығарды.

БҚО құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткіге елтіп көлік рөлінде емін-еркін жүрген батысқазақстандық – деструктивті діни ағым мүшесі.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close