Жаңалықтар

Ақпараттық түсіндіру тобы құқық қорғау қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде облыстық ақпараттық түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Атырау облысы Полиция Департаменті аппаратының жеке құрамына «Деструктивті діни ағымдар және олардың көріністері» тақырыбында кездесу өткізілді.
Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла КӨШҚАЛИЕВ, Ауған соғысының ардагері, Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Толыбай ШАКИРОВ, Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Дәурен Мұхамбеталиев, Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Сұлтангелді САРИЕВ, «Жардем-Атырау» корпоративтік қорының директоры Ербол ЖАУЛИН және Атырау облысы Полиция Департаменті кадр саясаты Басқармасы бастығының орынбасары Нұржан ШАДЕНОВ қатысты.
Кездесуде Қ.Көшқалиев Қазақстан Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490 және 453 баптары бойынша түсіндірді.
Сондай-ақ, Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпарат талдау орталығында «Оlx», «Вконтакте», «Instagram», «Telegram» cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалатынын, сондықтан әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір діни ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертті.
Т.Шакиров қиындыққа мойымай үлкен жауапкершілікті арқалаған әрбір полиция қызметкерінің жүгі ауыр екендігін тілге тиек етіп, ел, Отан үшін адал қызмет атқару парыз дейді.
Ал, деструктивті діни ағымдардың әрекеті мен көрінісі туралы егже-тегжейлі түсіндірген теолог С.Сариев әр ата-ана үйінде, отбасында балаларына бақылау жасаса теріс діни ағымға түсудің алдын алуға болатынын жеткізді.
Түрлі сұрақ-жауаптарға ұласқан шара соңын Н.Шаденов қорытындылап, спикерлерге ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, керекті мәліметтер көп екенін айтып, алдағы уақытта тағы кездесулер ұйымдастыруды жоспарлаймыз деді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close