Жаңалықтар

Атырауда дін саласының қызметкерлері марапатталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1992 жылдың қазан айында конфессиялы және гуманитарлық қоғамдық қозғалыстар өкілдерінің қатысуымен өткен тұңғыш Бүкіләлемдік рухани келісім конгресінде 18 қазан – «Рухани келісім күні» болып бекітілген болатын. Бұл мереке жыл сайын аталып өтеді.
Мерекеге орай, бейбітшілік пен бірлікті, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен татулықты насихаттап, еліміздің рухани дамуы мен өсіп-өркендеуі жолында елеулі үлес қосып жүрген «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы А.Ұтысханұлы облыс әкімінің және Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы М.Ізғалиев, «Шапағат» қоғамдық қоры директорының орынбасары М.Құбышев Дін істері комитеті төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Дін саласындағы қызметіне орай Ақпараттық-талдау орталығы мен «Шапағат» қоғамдық қорының бір топ қызметкерлері Дін істері басқармасының басшысы алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close