Көкейкесті

Бөлек жерлеу… немесе өзіне қол салу күнә ға жата ма?

Елімізде  өз-өзіне қол салғандар бөлек жерленіп жатыр. Бірнеше ай болды бұл  жаңалық қызу талқылануда. Бірі мұны шариғатқа қайшы, ондай талап жоқ деп, діни тұрғыдан да, адами тұрғыдан да уәж айтып,  имамдардың ісін заңсыз санайды. Бұл үрдіс  алғаш 2010 жылы  басталған.  Ақмола  облысында өз өмірін  қиған  қыздың  қабірі бөлек  қазылды.   Кейін бұл жаппай сипат алып, осы төңіректегі  бірнеше ауыл осы заңдылықты ұстанған.

Бұл үрдіс  қаншалықты мұсылманшылыққа жатады?   Көкшенің баурайындағы Красный Яр  13 мың тұрғыны бар шағын ауыл. «Жүз рет естігінше, бір рет көрген артық» деп арнайы іздеп келген бөлек қорым елдімекеннен 15 минуттық жерде екен.  Көп емес, он шақты адам жерленіпті, Халық айтса, қалып айтпайды. Бір көргенде өз көзімізге өзіміз сенбедік. Тіпті бойды қорқыныш биледі. Бірақ, жергілікті имамдар шынымен де өз-өздеріне қол салғандарды бөлек жерлеген. Марқұмдардың дені жастар. Көбі…»-Асылған, дәрі ішкен! Асылғандар басым, әрине…».Алыста жатқан бұл топты алалау ма дедік. Алайда, жергілікті мешіттің бас имамы Науан Мұталов «Әкесі тәрбиелік мақсатта сөз айтса, қызы жаратпай көзі аларып шығады екен. Ауыр сөздерді көтере алмай, «Мен өзіме қол жұмсаймын» деп үй-ішін қорқытқан. Сол кезде әкесі балаларын осы зираттың басына алып келіп, «егер өз-өздеріне қол жұмсасандар осылай ешкімге керексіз болып қаласыңдар»  деген екен. Сол кезде ұлым мен қызым жылап жіберді дейді» деген мысалмен  түсіндіруге тырысты.

Түсінгеніміздей, имамдардың бұл бастамасы өзгені оғаш қылықтан тыю, күнәдан сақтау, һәм тәрбиелік мәнде қолға алыныпты. Олардың айтуынша ,

осыдан жеті жыл бұрын өңірде суицид фактілері жиілеген. Түйткілді шешудің түрлі жолын іздеп,  ауыл ақсақалдары осындай қорытындыға келіпті. Алайда,

адасқанды ақылға шақырудың мұндай әдісіне өлі көнгенімен тірі қалай қабылдайды?

 

Жанымызға қатты батты…

 

Жақын адамы суицидке барған тұрғындардың бірін сөзге тарттық.

Көкшетау қаласының тұрғыны Серік Ақышев  туған інісін екі жыл бұрын осы жерге қойыпты. «Отыз жасында  қайтты ғой! Екі жыл өтті…» деп қайғырды.

Атпал азамат  болғанда бауыры белгісіз себептермен суицидке барған. Жақындары оны жаңадан салынып жатқан үйдің ішінде асылып тұрған

жерінен тапты. Кейіннен, ауылдағы үрдіс бойынша өзгелерден бөлек жерленді. «Жанымызға қаттыға батты дейді. Бірақ, қарсылық танытпадық. Имамдар бөлек жерлеу керектігін айтқаннан кейін,  артымдағы бала-шағам  мен халыққа сабақ болсын  дедік. Баласын бөлек жерлегенді  анашым білмеді. Әйелдер бармайды ғой зират басына. Келгесін  бөлек қорымға жерленгенін айттым» деді Серік.

Имамдардың сөзінше,  бөлек жерлеу үрдісі бұрыннан бар. Мұны кей ақын – жазушылардың өлең шумақтарынан да байқауға болады. Абай

Құнанбаевтің  «Моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап-шыным» деген өлең жолдары есіңізде ме? Яки, Аллаға серік қосушылар мен діндегі талаптарға

қарсы келгендерді дәл осындай жолмен жазалау мұсылмандар әлемінде бар еді.

Тәрбиенің мұндай тәсілі  христиан әлемінде де болған деседі. Десе де, бұл діннің өкілдері қазір мұндай үрдістен алшақтаған. Айтуларынша, гуманизмге

жатпайды.

 

Протоиерей Дмитрий   Байдек: « …ата-анасын өлтіргенге жаназа оқылмайды»

 

« Бізде психикалық ауытқушылығы салдарынан және ойланбастан, яки абайсыз өз-өзіне қол жұмсап,  ажал құшатын жандарға бағыштап бірнеше жағдайда ғана дұға оқуға рұқсат беріледі. Ал, ата-анасын өлтіргендер, қанішерлер, бүлікші мен қарақшылықпен айналысқан адамдарға жаназа оқылмайды. Суицидке барғандарды жазалауға қатысты шариғат заңымен пәтуа шығару қиындау. Осы себепті, кей қоғам белсенділері мұны адами тұрғыда дұрыс емес деп санайды» дейді протоиерей Дмитрий  Байдек.

Біздің елде дін саласына жауапты арнайы басқарма бар. Қысқартып ҚМДБ деп жүрміз. Олар  Ақмола облысындағы мұндай үрдістен еш ағаттық көріп тұрған жоқ. Осы басқарманың шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұловтың айтуынша,  «Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсаса да молдалар жаназасын оқып береді. Қайтыс болған адам бәрібір жерленеді ғой. Ал, енді  өзгелерге сабақ, ғибрат болсын  деген жақсы ниетпен бөлек жерлеуге  шариғат қарсы емес» екен.   Айтуларынша, шариғатта өз-өзіне қол салғандарды жазалауға қатысты ешқандай талап жоқ! Бірақ, дініміз адасқандарды сабырға шақырудың жолдарын іздеуге де тыйым салмайды.

Артур МАҒЗОМ,

меншікті тілші,

 Астана қаласы

 

Өзіне- өзі қол жұмсап, өз жандарын қиған адамдарды бөлек жерлеу дұрыс па? Алла өзі берген жанды өзі алуға тиісті емес пе? Өзіне қол салу күнә ға жата ма? Бұл туралы исламдағы үкім қандай?

Өлімнің азабы ойыншық емес

 

Өзіне қол жұмсау күпірге жақын өте үлкен күнә болғандықтан, ондайлар өліп жатқанда шыдау мүмкін болмаған қиыншылықтарға душар болады. Өлімнің азабы біз ойлағандай бір сәттік нәрсе емес. Өзіне қол жұмсалғаннан кейін ахиретте одан да үлкен азаптарға, қиыншылықтарға тап болады. Ахиреттің қиыншылықтары дүниенің қиыншылықтарындай емес. Өте ауыр болады. Дүниенің қиыншылықтарына шыдай алмай өзіне қол жұмсаған адам өлім мен ахиреттің  қиыншылықтарына қалай шыдасын? Өзіне қол жұмсаған адам, Қияметте қайта тірілгенге дейін өзіне қол жұмсағанының ауыртпалығын сезінеді. Өзін өлтіру өзгені өлтіргеннен де жаман күнә.

Құран кәрімде былай бұйырылған:

«Өздеріңді өлтірмеңдер!» (Ниса 29)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Бір нәрсемен жанын қиған адамға жаһаннамда сол нәрсемен азап беріледі.» (Бұхари)

«Жіппен тамағын буып өлген, (қабірде және қияметте) тамағы буынып азаптанады. Кез-келген бір пышақпен өзіне қол салған адам жаһаннамда пышақтанып азап тартады.» (Бұхари)

Бір кәпір дәрі ішіп немесе наркозбен денесін толық жансыздандырып өлсе де, өте ауыр болған өлімнің дәмін татады. Хадис шәрифтерде былай делінен:

«Өлім періштесін көру – мың қылыштан соққы алғаннан да ауыр.» (Әбу Нуайм)

«Өлімнің азабы өте ауыр болса да, өлімнен кейінгі азаптарға қарағанда жеңіл» (И. Ахмед)

Тірілгенге дейін өлімнің азабы тартылады. (И. Әузаи)

Имам Раббани хазреттері былай дейді:

«Өлу пәлекет емес, өлгеннен кейін басқа келетіндерді білмеу, оның алдын алмау пәлекет болып табылады.»

Наркоздағы аурудың операция ауыртпашылығын сезбегені сияқты, салих мұсылман да жаңбыр болып жауған оқтың астында қалса да, денесі тілім-тілім болып тілінсе де ауыртпашылығын сезбейді. Хазреті Юсуфтың сұлулығының қарсысында өзін жоғалтқан әйелдер, қолдарын кесіп алғандарын сезбеді де. Өлім періштесінің көркем бейнесін көрген мұсылманға Аллаһу та’ала ауыртпашылығын сездірмейді. Өзіне қол жұмсау үлкен күнә болса да, қол жұмсаған адам мұсылман болғаны үшін жаназа намазы оқылады. Хадис шәрифте былай делінді:

«Өзіне қол жұмсаған болса да әр өлген мұсылманның жаназа намазын оқы!» (Дәйләми)

Соңғы кездері өзіне қол жұмсау уақиғасы көбейіп кетті. Дінсіздік пен сенім әлсіздігінің өзіне қол жұмсауда тигізетін әсері көп.

«Ислам діні»

 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close