Басты тақырыпЖаңалықтар

Қайролла Көшқалиев: «Дүрбі» – еліміздегі дін мәселесінің түйіткілді проблемаларына терең бойлайтын басылымға айналды»

Құрметті «Дүрбі» газетінің ұжымы!

Қазақстан – біртұтас, құқықтық, зайырлы мемлекет. Бүгінде еліміздің әлеуметтік, экономикалық тұрғыда ғана емес, қоғамдық-саяси, рухани жағынан дамуына барлық жағдай жасалуда.

Тәуелсіздік жылдарында халқымыз асыл дінімізбен қайта қауышты. Қазақстан Респубикасы Қоғамдық даму министрлігі құрылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қауым үшін біріктіруші рухани ордаға айналды. Бүгінде мемлекет сауатты діни мамандарды дайындау ісіне ден қойды. Өткен дәуірлерде қазақ даласында қалыптасқан діни мұсылмандық мектепті жаңғыртуды басты назарда ұстап отырған елімізде Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті жұмыс істеуде. Діни, қоғамдық даму бағытында білім беретін колледж, медреселер ашылуда. Осындай соны өзгерістер қатарында қазақ баспасөзіндегі тың толқынды атамай кетуге болмайды.

Бүгінде «Дүрбі» аймақтық қоғамдық-танымдық газеті еліміздегі дін мәселесінің түйіткілді проблемаларына терең бойлайтын, белгілі бір дәрежеде ағартушы роліне ие болып отырған басылымға айналды. Заман талаптарына толықтай жауап беретін газеттің интернет нұсқасының шығуы өте құптарлық бастама. Күрделі де жауапты қызметтеріңізге шығармашылық өрлеу тілеймін!

Құрметпен, Қайролла КӨШҚАЛИЕВ,

Атырау облысы Дін істері басқармасы басшысы

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close