Жаңалықтар

Тағы бір қазақ әйелі Сириядан оралды

Бірнеше жылдан бері қанды қасапқа айналған Сирия жерінен жақында атыраулық келіншек қашып шықты.

Осыдан бес жыл бұрын күйеуінің шақыртуымен Сирия жеріне кеткен келіншек өзінің оңбай қателескеніне өкінеді. Атыраулық журналистермен кездесіп, сұқбат берген келіншек соғыс даласына осыдан бес жыл бұрын екі жасар бүлдіршін қызын алып кеткенін, отты жерде тағы екі баланы өмірге әкелгенін айтты. Өзегін өкініш өртеген ол «Сирияда болып жатқан соғыста шариғаттың ешқандай ізі де жоқ. Ол жақта кімнің кіммен соғысып жатқаны да белгісіз. Ол жерде мұсылман мұсылманды өлтіріп, қанға бояп жатыр. Алтындарым, дінді ұстануға бар жағдайды жасап отырған өзіміздің Қазақстанды тастап, шет ел аспаңыздар» дейді.
Кейіпкеріміздің ендігі тағдыры қалай өрбиді? Балаларының жағдайы қалай болмақ? Бұл жөнінде алдағы уақытта меншікті тілшіміз Баян Жанұзақованың мақаласынан толығырақ таныса аласыз.

©durbi.kz

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close