Басты тақырыпЖаңалықтар

Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VI Съезі өтеді

2018 жылдың 10-11 қазан аралығында Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VI Съезі өтеді, деп хабарлады inform.kz.

Діннің қоғамдағы рөлінің артып келе жатқанын түйсіне отырып, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізуді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастама етіп көтерген болатын. Мемлекет басшысының пайымы бойынша өзара сенімділік пен түсіністікті ту еткен әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшылары аталмыш саладағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегіне үлкен жол аша отырып, шыдамсыздық, шеттету, зорлық-зомбылық, діни экстремизм мен терроризм секілді қауіптің алдын алады.

Осылайша, 2018 жылдың 10-11 қазанында Қазақстанның елордасы Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VI Съезі өтпек. Форумның тақырыбы: «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін» деп аталады. Съез жұмысына әлемнің 42 елінің сексенге тарта делегациясы, атап айтқанда абыройлы саясаткерлер, ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, зороастризм дінінің көшбасшылары, сонымен қатар БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО секілді халықаралық, діни және қоғамдың ұйымдардың өкілдері қатысады.

VI Съез екі пленарлық сессия мен төрт секциялық отырыстан тұрады. Секциялық отырыстарда «Жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретіндегі «Манифест «Бейбітшілік. XXI ғасыр», «Өзгерістерге ұшыраған геосаясаттағы дін: Адамзаттың үйлесімінің жаңа мүмкіндіктері»», «Дін және жаһандану: сын-тегеуріндер мен жауаптар», «Экстремизм мен терроризмді жеңудегі діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлер» тақырыптары қозғалмақ.

Сонымен бірге, форум аясында Діни көшбасшылар кеңесінің үшінші отырысы өтеді. Съездің ашылатын алғашқы күні жиынға Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы шейх Мухаммад Ахмад ат-Тайеба, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер қатысады.

Еске сала кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылдың 23-24 қыркүйегі аралығында өткен болатын. 15 жылдың ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі конфессияралық және дінаралық қарым-қатынас бойынша абыройлы алаңға айналды.

Суреттер әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астанада бұрынғы өткен жиындарынан

durbi.kz

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close