Жаңалықтар
Атыраулық псевдосәләф Германияда ұсталды
Діни себебі бойынша Чехия Республикасынан пана тапқан Қазақстан азаматы, Атырау қаласының тумасы Мұрат Бакраев Германияда тұтқындалып, тергеу абақтысына жабылды. Бұл туралы Бамберг прокуратурасы хабарлады. Ведомоствоның «Азаттыққа» берген ресми жауабында «Бакраев қазақстандық тараптың сұранысы бойынша тұтқындалды, жуық арада оның ісі сотта қаралатын болады» делінген.
Бакраев 15 қыркүйек күні Чехиядан Германияға бара жатқан жолда қолға түскен. Бұл туралы оның туыстары хабарлады. Бакраевтың зайыбы немістің Хоф қаласы сот билігінен хат алған, онда күйеуінің «Еуропада террористік ұйым құру туралы істі тергеуге байланысты» тұтқындалғандығы және қазір Хоф қаласында екендігі жазылған.
Бакраевтың зайыбының айтуынша, олар Чехия Республикасына 2005 жылы келген. 2006 жылы Бакраевқа діни көзқарасы бойынша босқын мәртебесі берілді. Оның әйелі қазіргі кезде Чехия Республикасының азаматшасы саналады. Олардың үш баласы бар.
Бүгінде Қазақстан азаматы М.Бакраевты Қазақстанға экстрадициялау жұмыстары жүріп жатыр.
durbi.kz