Тал бесік

«ӘЙЕЛДЕН ҰЯТ КЕТЕДІ, ЕРКЕКТЕН НАМЫС ҚАШАДЫ…»

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран, ұлтқа қалқан.

Ақиқатты ашық айту – ардың ісі. Кешегі өткен тарихи сахнада «еркектер пен әйелдер тең құқықты» дегенді желеу ете отырып, ордалы отбасының отағасы, әйелдің сүйенер діңгегі, беделі таудай азаматы атанған еркек атаулының рухын аяққа жаншып, ақыл-есінен айырып, ез етудің, құлға айналдырудың рекордын оздырудың арқасында отбасындағы кемел де кемеңгер көсемдігі мен отағасылық ұлы құдіретінен де, ұлттық жауапкершіліктен де толық айыру бағытында теңдессіз жанталасты іс-әрекетпен үйлестірді, ұйымдастырудың ұтқырлығын бұрынғыдан да бетер оздыра түсті. Ал ақылсыз, парықсыз, тәрбиесіз, тексіз, кеще… әйел біткенді шектен тыс ешіртіп, сұрқиялы сайқалдыққа бейімділігін үнемі жетілдіре отырып, оның ықпалын еселеп күшейте отырып, отбасына опасыз би етудің, имансыз етудің арқасында үстемдігін арттыра түсу арқылы олардың отбасындағы аналық даналығы мен ұлағатынан айырды.

Бала тәрбиесіне қатысты ұлағаты зор тәрбиешілдік пен ұстаздық құдіретін жойып, қатыгездік, қайырымсыздық, сұрқиялық атаулының қасіреттерін ұштап оздырды. Өңшең билікке құмар әйел арқылы қазақ отбасының шырқын бұзудың, ұрпағын аздырып, құл жасап, құрдымға жеткізудің дәстүрлі қасіреттерін орнықтырды. Ұлттық құндылық (ата тіліне, дініне, діліне, салт-дәстүріне…) атаулыларға қарсы күйде жүргендіктен, ата-бабаларының аруақтарына қарсы жолда жүргендіктен, ондай ұрпақтарымыз, әсіресе қыздарымыз – өле-өлгенше бақытсыз күй кешеді. Өйткені олар Алланың рахымынан құр қалып, тек қаһарына ұшырап жүргендерін мүлде түсінбейтін – көрсоқыр, кеще, надан, мәңгүрттер. Бұндай бақытсыз адамдарды кешегі есті де текті қазақ «көрдемше» деп атағаны әлімсақтан аян. Әлбетте, бұндай көрдемшелерден тек қана көрдемшелер туатыны, жүгенсіз өрбіп, өрісі кеңейе түсетіні айтпаса да түсінікті.

Айталық, бүгінгі таңда ұлтсыз, опасыз, сатылымпаз, тәрбиесіз, жексұрын қыздарымыз шетелдік еркекке күйеуге шығудың дәстүрге айналуы, әсіресе қытай еркектеріне шығуы шектен тыс ушығып бара жатуы міне осыдан. Өйткені біреудің қаңсығы – біреуге таңсық. Бұл – бір. Екіншіден, қолда бар алтынның қадірі жоқ. Үшіншіден, болған сайын бола түссем деген ашкөздік. (Бұл ауқатты отбасылардың қыздарына тән көрініс). Төртіншіден, өзгенікіне деген әуестік, тәрбиесіздік… Яғни бір жолы болса да шетелдің дәмін татып көрген қыздар өз еліндегі әлеуметтік тапшылық пен әділетсіз құрылымның тауқыметін тартқысы келмейді. Ондағылардың бәрі «жұмақта» өмір сүретіндей көрінеді. Бәрін кинодағыдай елестетеді… Ертеңгі күні өмір бойы өкінумен өтерін білмейді. Өкініш өзек өртейді.

Ақырында көреген кемел кісіліктен, текті адамгершіліктен ажырап қалған әйел (шеше) – өз ұл-қыздарын шұғыл түрде жаңғырту, жаңарту, асылдандырудың арқасында ғана өзінен, ата-бабаларынан оздыра білудің ауадай қажеттігін мүлде ұқпайды. Түсінгісі де келмейді. Бүгінгі таңда барған босағасынан қит етсе тұра қашатын өңшең ұлтсыз, арсыз, намыссыз, ұятсыз, опасыз… қысқасы жүгенсіз кеткен тәрбиесіз қыздарды қаулатып жатқандар да, міне, осылар. Бұндай кеще шешелерден өлім артық екенін ұқпайды.

Ақыр аяғында ұлттық генофондық тұқымымыздың текті кемелдігін де, ұлы ата салт-дәстүрлеріміздің тұнығын да бұзды, олардың теңдессіз құдіретін қайта қалпына келмейтіндей етіп, түбегейлі жоюға барын салуда. Мәселен, бүгінгі қазаққа Ресей империвсы қолдан әрі қасақана жасалған ашаршылықтарды, неше түрлі тәркілеу, халық жауы, Американың, Жапонияның тыңшысы, жер аудару сияқты зобалаңның талайын бастан өткерген байғұс халық рухы тапталған, әр нәрседен қорқып, өз көлеңкесінен үркіп отыратын және Мәскеу не айтса соны істейтін қараңғы тобырға айналдырылғанын айтсаң да түсінбейді. Қалай дегенде де қазақ елінің, әсіресе қазақ ұлтының бас көтеруге жарайтындарын, бетке ұстауға тұратын ұлттық рухы асқақ қаймақтарын шетінен аяусыз атты, дарға асты, ит төзгісіз ит жеккенге айдады. Бұл бүткіл елдің үрейін алып, ұлтты, ұрпақты өз көлеңкесінен қорқатын өңшең үркек, қорқақ езге айналдыра түсуді үдетті. Сонымен бірге түрліше саяси науқандар – елді ұр да жық обыр күшімен ұжымдастыру, тың жерді игеру, космосты меңгеру, мал шаруашылығын бұрынғыдан да бетер алға оздыру, әсіресе қой-ешкінің санын 50 млн-ға жеткізу… деген сияқты сан алуан қитұрқы саяси науқандар арқылы байырғы қазаққа қарсы аса ауыр ықпалдарын өршіте түсті. Басқа елдің түрмесінде отырған, жүрген жеріндегі адамгершілікке қатысты дүние біткенді азғындатпай қоймайтын өңшең қылмыскерлерді қазақ еліне әкеліп төкті, қазақтың арасына сыналап сіңірді. Сөйтіп, азғындатқыш арақ пен темекінің ұлтты көктетпес уларына шектен тыс жүгенсіздікпен бөктірді. Бұлардың бәрі ақыр аяғында киелі Жердің, қасиетті Елдің, күрескер Ердің қамы үшін, ұлт, ұрпақтың бүгінгі және болашақ қамы үшін бір жұдырыққа жұмылып, жанқияр бірлікпен жымдаса жүріп, қаһарман белсенділікпен ұтқыр өмір сүре білуге һәм қазақтың бастары өлсе де қосыла алмайтын ең апатты жағдайға жеткізді.

Қазақ халқының әу бастағы жаратылысына, тарихи мәдениетіне, ата салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына мүлде жат жетім баланың және тастанды баланың, ұл-қыздары туған әкесін бақпай, қараудан бас тартып, көшеге қаңғытып жіберген жетім қарттардың санын көбейтудің сұмдық үрдісі өршіп барады. Кеңестік дәуірге дейін біз жетімін бауырларынан, руласынан айырып жылатпаған, жесірін ешқайда да қаңғытпаған теңдесі жоқ ұлы ұлт емес пе едік?! Жетімді өзінің туыс бауырларынан, руласынан айыру, бұл – ауыр қылмыс. Ендігі жерде, ХХІ ғасырда жазықсыз жандар саясат құрбанына айналмасын! Әлбетте, биліктің құрбандыққа айналдырмайтын кепілдігі зор болса игі. Жер тағдырына қатысты, тәуелсіз елдік, ұлттық, халықтық мүддеге қатысты, әсіресе отбасы құндылықтары мен ұтымды мүмкіндіктерін заман талаптарына сай жедел түрде жетілдіруге, асылдандыра түсуге, оздыруға қатысты көкейкесті өзекті де, өткір мәселеге келгенде қазақ қауымы бір кісідей жұмылып, қатаң талап ете білуде неге қаһарлы да өктем батырлықпен қасқайып тұрып айта алмаймыз? Шындығына келсек, біз, һәм қазақ бүгінгі және келешек ұл-қыздарымыз бен немере-шөбере және шәкірттеріміздің тағдыры үшін, бүкіл ел, ұлт, халық қамы үшін бір кісідей жұмылып, тас түйінге айналған жұдырықтай болып, теңдесі жоқ дәрежедегі жанқияр күрескерлікті жаппай қаулата алмай отырмыз. Неге? Сонда біз, қазақ қандай ұлтпыз осы?

Міне, бұлардың бәрі сайып келгенде, аңқаулығы мен аңғалдығы, ақ көңілдігі мен дарақылығы зор ысырапшыл қазақ халқы, оның ұрпақтары алаулатқан опасыз ұранға құдайдай сеніп, үлкен-кішісіне қарамастан лезде жаппай ұлтсызданды, тексізденді, мәңгүрттенді, ар-намыссыз дүбараға, құл-құтанға айналды, ұлт, халық, ұрпаққа қарсы бағытта жүруді оздыра түсуден әрі аса алмайтын сыбайлас сатылымпаз, опасыз, ұлтсыз «тұлғалар» мен ақсақалсымақтар шектен тыс қаулады. Осылайша қазақ ұлты құздан құлаудың жиегінде тұрған шақта, жер бетінен жоқ болудың сәл алдында тұрған тұста, Жаратушы Ұлы Иеміз Аллаһ Тағаланың қолдауының арқасында мызғымас Кеңестік билік өзінің тұғырынан құлады және оның зиянды алапат қуат көзіне ие болған қаһарлы күші өзінің ықпалды қуаттарын азайтуға бет алды. Бірақ…

Алайда қазіргі таңда қазақ ұлты тәуелсіз ел атанғанына 26 жылдың жүзі болғанымен ұлттық шаруамыз оңалмай тұрғаны, ұлттық айымыз оңынан тумай тұрғаны өкінішті. Өйткені, біз керісінше елдік, ұлттық, халықтық мүдде атаулыны аяққа таптап, қолдағы теңдесі жоқ ұлттық бар байлық пен ұтқыр мүмкіндіктеріміздің бәрін де басқа мақсаттың жолына және оның саяси ұпайларын еселей білудің қамы үшін ғана шашылып жатқан, кім көрінгенге жүгенсіз жем болып, олардың табанының астында шектен тыс жаншылып жатқан елміз. Ұлтымыздың ұлылары емес, өзгенің құл-құтаны төрімізге шықты. Олай болса, бізге, бүгінгі қазақ қауымына мықты да білікті билік керек емес пе, сойдай-ақ байтақ елге, ұлтқа, халыққа, әсіресе өрбіп жатқан ұрпақтарымыздың бойында асқақ рух пен ұлттық намыс жоғары дәрежеде болуы керек емес пе?!. Текті елдігіміз қайда?

Баяғыда асқан әулие, көріпкел Мөңке би Тілеуұлы (1675-1756 ж.ж.) түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ болады. Сырым түс жорудың жолын Мөңкенің ұзатылып кеткен қызына беруді ұйғарады.

Мөңке бидің қызы: «Маған түс жорытқандарыңыз қате болды, күндердің күнінде әйел билеген заман келеді. Ол заманда әйелден ұят кетеді, еркектен намыс қашады, менің үш рет шақырғанда зорға келуімнің сыры осында еді» депті. Бүгінгі бізде бұл қасіреттің төркінін жан-жақты терең түсіне алатын, ұлт, халық, ұрпақ қамы үшін жанқиярлықпен күресе алатын кемеңгер көсемдік бар ма? Расында да бұл қазіргі ХХІ ғасыр сахнасындағы ұлттық қатерлі қасіреттеріміз бен алапатты қауіптеріміздің ең зоры да, ең жойқындысы да, міне – осы.

Қалай дегенде де, «Жыланды үш кессең де, кесірткелік қауқары бар» демекші, кеше өткен Кеңестік дәуірдің шектен шыққан сан алуан түрлі опасыз қасіреттерінің зардаптары әлі күнге жойыла қоятын түрі жоқ. Тіпті қазіргі таңда тәуелсіз атанған қазақ елі, ұлт, ұрпақ кешегі Кеңестік дәуірдің өлшеусіз уын ішудің қасіретінен тезірек арылтуға бағытталған ұтқыр жобаларды көрудің ауылы тым қашық сияқты. Сол себепті әркім өз болашағына өзі жауап беретін аса ауыр кезеңде өмір сүріп жатқандықтан, біз сеңге соқтығысқан балықтың күйін кешіп отырған елміз. Ол ол ма, «Өз күніңді өзің көр» деп отырған сауатсыз, дәрменсіз, тексіз, біліксіз… солақай биліктен қайыр жоқ. Өйткені жікке топтасып, жүзшіл руластық, сыбайлас-жемдестік және отбасылық-кландық басқарудағы ең бір маңызды фактор – ел, ұлт, қоғам санасы мен өмірлік тіршілігіне қатысты ең ұтымды өзгерістерді енгізудің ауадай қажеттілігін ескермейтіндігі өте ауыр қасірет екені анық. Бодандыққа қарсы бұлқыныс жоқ. Отарлық, бодандық халден біржола құтылу үшін Тәуелсіз елдігіміз бен кемел ұлттығымыздың, ата тіліміздің құдіретін теңдесі жоқ дәрежеде аспандата білудің ұлы мақсатында бәріміз бір кісідей жұмылып, жанқиярлықпен күресе білуіміз керек! Өкінішке қарай осындай жанкешті күрескерліктің болмауы кесапатынан өзіміздің ұлттық байлығымыз – өзімізге әлі күнге бұйырмай тұр. Бірақ…

Молдағали МАТҚАН,

қоғам қайраткері, публицист-жазушы

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close