Жаңалықтар

Жігіттер, жарадыңдар!

22-25 қазан күндері Орал қаласында ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі дін мәселелері жөніндегі ақпараттық -түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау республикалық оқыту семинарын өткізді.

Семинарға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының 120 мүшесі қатысты.

Шараға қатысқан ҚР Қоғамдық даму минисрлігі Қоғамдық келісім комитетінің бас маманы Азамат Бисембаев бұл жобаның мақсат- міндеттерін және АТТ мүшелеріне қойылатын талаптар туралы түсіндірді. Бес күнге созылған, теориялық, практикалық бағытта өткенсеминардадәрістер мен пікір алмасулар болды. Топ алдында сөйлеу шеберлігі сынға түсті. Семинар соңында қатысушылардың  бәріне сертификат табысталды.

Аттестациядан өткен 120 қатысушының ішінен терең білімімен ерекшеленген 50 адамға ғана ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық- түсіндіру тобының мүшесі» куәлігі берілді. Олардың қатарында Атырау қаласындағы «Шапағат» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы»  ҚҚ-ның теологтары Ернар Абзалов пен Сұлтангелді Сариев, Атырау облыстық дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының қызметкері Аслан Үмбетәлиев бар. Енді атыраулық теологтар  басқа облыстарға да шығып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысатын болады. Біз білімді мамандарға бүгінгі қоғамда өткір тұрған дін мәселесінде аянбай еңбек етіп, еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтауға елеулі үлес қосады деп сенеміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын!

«Дүрбі»

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close