Басты тақырыпЖаңалықтар

Атырауда оңалту орталығы ашылды (СУРЕТ)

Бүгін, қасиетті жұма күні, Мәуліт айында «Дина» сауда орталығында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының филиалы – оңалту бөлімі ашылды. 

Аталған шараға Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, Атырау қала әкімінің орынбасары П.Хасанов, «Иманғали» орталық мешітінің өкіл имамы Б.Мансұров, Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Ерсайынқызы, Атырау облыстық дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы М.Құбышев,  «Шапағат» қоғамдық қорының директоры М.Тұрлыбеков, «Дина» сауда орталығының басшысы Н.Тәуекел қатысты.

-Осы жылы қор көптеген әлеуметтік бастамаларға бастамашы болды. Жаһандық саясатта дін басты мәселелердің біріне айналғандықтан, деструктивтік діни ағымдар қоғамның тұрақтылығына үлкен зиянын тигізіп отыр. Осындай келеңсіз жайттарды алдын алу үшін діни бағытта әлде де көптеген жұмыстарды қолға алуымыз керек, – деген Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев жаңа орталық қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров мекеме басшылығы мен қызметкерлерге батасын беріп, ел игілігі үшін жасап жүрген барша теологтарға сәттілік тілеп, қатысушыларды Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Оңалту орталығы дін жолында жүрген жамағатқа дәстүрлі дінді түсіндіру, қажетті мәліметтермен ақпараттандыру, теріс ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында іске кірісті. Мұнда арнайы психолог мамандар, тариxшы, теологтар, «Нұр-Мүбарак» университетінің, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дінтанушылары қызмет жасайды. Орталық жұмыс күндері таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Нұрлыбек Нұрланұлы

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close