Басты тақырыпЖаңалықтар

Жат идеология – ар-ожданды өлтіреді

Мұрат Тұрлыбеков, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орта­лығы» қоғамдық қорының директоры:

Дін дегеніміз адам ба­ласын екі дүниеде де нағыз бақытқа жеткізетін Жалғыз Жаратушының қойған заңы, жүйесі. Демек, біздің ата-бабаларымыз мың екі жүз жылдан бері Ислам дінін ұстанып, дінімізді дәстүрімізге сіңдірген бо­латын. Осы мың екі жүз жыл ішінде қазақ халқы діни көзқарасқа, топтарға бөлініп біріне бірі қылыш кезенген оқиға тарихы­мызда болмаған. Керісін­ше, Ислам дінін негізге алып, араздасқан руларды, туыстарды парасатты би­леріміз татуластырған бола­тын. Қазақ жерінен шыққан көптеген ғұламалар, ұстаз­дар, салих құлдардың ізі кең байтақ жеріміздің қай бұрышында болса да кесе­нелерімен көрініс тауып, бір төбешік болып жатыр. Солардың бірі Ыбырай Ал­тынсарин атамыз қазақ да­ласына алғаш білім орда­сын ашқанда, қазақтың қара домалақ балаларын «Бір Аллаға сыйынып, Кел бала­лар оқылық» – деп, Алланы аузынан тастамай, бірінші жаратушыңды тануға, со­дан кейін білім алуға шақы­рған болатын. Міне, осылай дінін көзінің қарашығындай қорғаштап, дінді татулық нышаны деп келген халқы­мыз, қазіргі уақытта діндар азаматтардан шошынып, се­скеніп қарайтын жағдайға жеткенін құлақ естіп, көз көріп жүр.

Бұған себеп дін атын жа­мылған, дінді дұрыс түсін­беген жат ағымның жете­гінде жүріп жәннәт іздеген жастарымыз болатын. Осы­лай әр діннің секталарға бөлінуі туралы пайғамба­рымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде былай деп: «Иудейлер­– жетпіс бір, хри­стиандар – жетпіс екі, мұсылмандар – жетпіс үш ағымға бөлінеді, олардың тек біреуі ғана жұмаққа кіреді» – деп ескерткен. Міне бұл жұмаққа кіретін топ дінді қасиет танып, ешкімге зиян келтірмеген, керісінше еліне, халқына адал қызмет ететін шынайы мұсылмандар жатады. Өй­ткені пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде: «Нағыз мұсылман, қолымен де, тілімен де ешкімге зиян келтірмеген адам» – деп си­паттаған.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіміздің қысқа ғана тарихында еліміздің дін саласы көптеген өзгерістерге ұшырады. Дін атын жамылған ағымдар мен топтар діни сауаты аз азаматтарымызды өз қар­мақтарына түсіріп, тіпті өздеріне белсенді жақта­сқа айналдырып, өзімізге қарсы қойып үлгерді. Енді өз отандасымызбен, от­басымыздың мүшесімен, ағайынымызбен тартысқа түсетін халге жеттік. Сол себепті бүлдіргі топтар мен ағымдарды деструктивті (бұл сөз латын тілінен ау­дарғанда «құлату», «қалып­тасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді) яки теріс пиғылды деп атай­мыз. Алайда бұл ағымдағы­лар өздерін шынайы діндар және ақиқат жолындағылар ретінде санайтындықтан, олардың қатары әлі де бол­са көбею үстінде. Халқы­мыз «іштен шыққан жау жаман» демекші, мұндай көзқарасты ұстанушылар Исламның атын жамыла­тындықтан, тек қана атын жамылу емес, тіпті діни мәтіндерден (Құран және хадис) өздерінің істері­не дәлел келтіретіндіктен, олармен күрес басқа жат діни ағымдармен күресуден қарағанда өте күрделі бо­лып отыр.

Себебі деструктивті діни ағымның әлеуметтік өмірге келтірер зардабы жоғарыдағы мәселелермен шектелмейді. Деструктивті діни ағымдарда «біз және олар» деген қатаң бөлісу бар. Олардың пікірі бой­ынша өз ағымына жатпай­тын азаматтардың барлығы«адасқандар», тура жолдан тайғандар немесе «кәпір­лер» болып табылады. Көбіне деструктивті діни ағым мүшелері үшін «біз» деп нақты өзінің тобын­дағы адамдарды бейнелесе, «олар» деп өзінің сенімінде болмаған адамдарды адам санатына енбей қалғандар сияқты санайды. Осы се­бепті деструктивті ағым мүшелігінен тысқары қалған адамдар оларға адам емес, «адасқан» сипатын алады. Олар үшін «ақиқат» жалғыз, ол өз ағымының ұстанатын ілімі. Осы секіл­ді ұстанымдар арқылы сіздің отбасылық қарым-қа­тынасыңыз, отбасыңызда өткен жылдардың барлығын қаламның бір сызуымен өшіріп тастауға тырысады. Осы себепті деструктивті діни ағымдарда «екіжақты» ұстаным кездеседі. Махаб­бат, жылылық, шынайылық тек «біз» яғни өзінің са­натындағы адамдарға қол­данғандықтан, сіз деструк­тивті діни ағым мүшелігіне ене отыра отбасыңызға, до­старыңызға, әлеуметтік ор­таға көңіл бөлуден қаласыз. Бұл сіздің тек отбасыңызға, достарыңызға, әлеуметтік ортаға деген көзқараста­рыңызды ғана өзгертіп қоймай, сүйікті қызметіңіз­ден, күнделікті өмір сал­тыңыздан бас тартуыңы­зға әкеледі. Деструктивті діни ағымдарды зерттеген ғалымдар бұл «сананы қа­дағалау» әдістерінен туын­даған деп санайды.

Бүгінде деструктивтік діни ағымға кіріп, оның шырмауына ілігіп, жан дүниесімен берілген азаматтар қоғамға қауіп төн­діруде. Мысалы «Білім» мәдени-ағартушылық орта­лығының директоры, Ми­нистрліктің дін және аза­маттық қоғам ісі бойынша ақпараттық-түсіндірме тобының эксперт-политологы Руслан Иржанов Қазақстан­да болып өткен терактілер салдарынан 90 адам қаза тауып, оның ішінде құқық қорғау органдарының болғанын да атап өтті. 2016 жылы екі айдың ішінде Ақтөбе мен Алматы қалала­рында 37 адам қаза тапты. Бұл дегеніміз қой терісін жамылған қасқырдай болып жүрген дінді жамылған жат идеялогияның зардабының өте ауыр көрінісі болып отыр. Бұрын теракты, тер­рорист – деген терминдерді жаңалықтар арқылы шет елдерден естейтін едік. Ал қазір елімізгеде келіп жет­кенін байқадық.

Дүние жүзі мемлекет­тері қазір түрлі ағымдар­дың адамдардың санасын жаулау арқылы екі түр­лі мақсатты көздейтінін мойындап отыр. Біріншісі – мол пайда табу, заңсыз қару-жарақ пен есірткі та­сымалы болса, екіншісі – мемлекет мүддесіне нұқ­сан келтіру арқылы билікті басып алу. Олай болатыны, аталмыш ағымдардың он­сыз да мұсылман елдерінде және бейкүнә адамдар мен қорғаныс күштеріне қарсы күрес жүргізуі болып отыр.

Дін – адамның рухани дүниесі, ұлтымыздың бір­лігі, бүкіл Қазақстан аза­маттарының түсіністігі мен келісімді, елдің тұта­стығымен тыныштығы, тәуелсіздігіміздің мәңгі болауы. Бұл бағытта ізгілік пен имандылықтың, ұлттық иммунитетті күшейтудің рухани арқауы болған Ис­лам діні Әбу Ханифа мәз­хабы екендігі белгілі. Жат идеялогияға қарсы күре­стің бірден бір жолы – олар туралы көптеген кітаптар, фильмдер және жастардың ғаламтор беттерін көп­теп пайдалануына байла­нысты сол экстремистік діни теріс ағымдар туралы көптеген бейнероликтерді көру, ақпараттар алу керек. Дәстүрлі дініміз Ханафи мәзхабы жайлы білімімізді арттырсақ, ұрпағымыздың рухани тәрбиесін қадаға­ласақ қана бұл теріс діни топтардан аман қаламыз. Ислам діні жәннәтқа кіру үшін өзіңді және өзгені жа­руға емес, керісінше өзіңді және өзгені аман алып құтқаруға бұйырады.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close