Жаңалықтар

Арнайы топ Жылыой ауданында

Дін саласы бойынша профилактикалық және оңалту жұмыстарын жүргізетін арнайы топ бүгін Жылыой ауданына іссапармен барды.

Жылыой мұсылмандар мешітінің жамағатымен кездескен топ құрамында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев және Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, орталық маманы С.Бауыржанқызы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог мамандары С.Сариев, А.Уразов, Қ.Миланбек, М.Рустамқызы, «Жылыой мұсылмандар» мешітінің бас имамы А.Исаев болды.

Кездесу барысында басқарма басшысы Қ.Көшқалиев ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының талаптары, сондай-ақ, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 453 және 490-баптарында көзделген құқықтық жауапкершілігі туралы әңгімелеп, жамағатқа түсіндірді.

Сондай-ақ, дінаралық алауыздық тудыратын ақпараттық материалдарды, аудио және бейне өнімдерді, діни кітаптарды, уағыздарды әлеуметтік желілерде, интернет ресурстарында тарату, бөлісу заңға қайшы келетіндігін және заң бұзған тұлғаларға 40 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын нақтылап айтып өтті. Түсіндірме жұмысы Атырау облысына қарасты барлық аудандарда жалғасын табатын болады.

Дүрбі

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close