Жаңалықтар
Былтыр Атырауда теріс діни ағым өкілдері 52 қылмыс жасаған
Оның ішінде зорлау, адам ұрлау сияқты ауыр қылмыстар бар. Полиция 2018 жылы Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілдері 52 қылмыс жасағанын анықтады деп жазады nur.kz сайты.
Бір жыл ішінде олар «Зорлау» (120-бап), «Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері» (121-бап) бойынша, «Он алты жасқа толмаған тұлғаларға қатысты жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы әрекеттер» (122-бап) бойынша заңбұзушылықтар жасаған. Олар жасаған ауыр қылмыстар арасында адам ұрлау да бар.
Сонымен қатар есірткі, психотропты заттарды дайындау, сатып алу, сақтау және өндіруді жүзеге асырған. Сондай-ақ оларға ҚР ҚК 293-бабы – «Бұзақылық» бойынша да айып тағылуда.
Деструктивті діни ағым жетегіндегілер қылмыстарының бұл толық тізімі емес. Полицияның арқасында қазіргі уақытта барлық қылмыс ашылды.
Полиция қызметкерлері барлық тұрғыннан зорлық, қатігездік, діни экстремизм элементтері бар, мазмұны күмән туғызатын материалдарды таратпауды және сатып алмауларын сұрайды.