Жаңалықтар
ДАИШ өзге елге көшуді көздейді
ДАИШ террористік ұйымының содырлары Сириядан қашып шығуға талпынуда. Сирияда территориясы қалмаған террористер өзге елдерге кетуді көздеп отыр. Бұл туралы Fox Business басылымына берген сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді.
«Иә, олар осыған әрекет ету үстінде. Олар басқа елге кетуді көздегелі біраз уақыт өтті. Олар Африка болсын, мейлі Ливияның солтүстігі болсын, сонда қоныстануды жоспарлайды» деп атап өтті ол.
АҚШ мемлекеттік хатшысы журналистердің ДАИШ ұйымы өзге елде қайта құрылуы мүмкін бе деген сауалына жауап берді. Оның айтуынша, бұл жағдайда АҚШ-тың басты міндеті – «террористердің жаңа территорияны жаулап алуына жол бермей, оларды қаржылық мүмкіндіктерін қысып, жою», деп жазады Islam-today.