Жаңалықтар

Оралда террористік топ мүшелеріне үкім шықты

Орал қаласында өткен жазда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күшімен радикалды діни топ қолға түскен болатын.  Арнайы операция  барысында ұсталған топтан атыс қаруы, оқ-дәрілер және діни материалдар алынған еді. Топ мүшелеріне сот үкімі шықты.

Үкім оқылғанда белгілі болғаны, үш жігіт бірігіп жоспар құрып, топқа діни білімі төмен 5 жасты тартқан. Араларынан «әмір» сайлап, соған ант берген.  Аталған топ шаһардағы құқық қорғау мекемелеріне қарулы шабуыл жасамақ болған.

6 адам 3 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, екеуінің бостандығы шектелді.

Бұл жайлы толығырақ дерек беретін мақаланы «Дүрбі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

durbi.kz

суреттер AQJAIYQ телеарнасы хабарынан алынды

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close