Жаңалықтар

Атырауда бас имамның бастамасымен кітап оқу клубы ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, мүфтият жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Жастар жылына орай орталық «Иманғали» мешіті жанынан жастардың кітап оқу клубы ашылды.

Клуб аясында жастарға клуб жетекшілері белгілеген кітаптар оқуға беріліп, кейін шәкірттердің ілімі сараланатын болады.

«Әр ай сайын бір кітаптан беру жоспарланып отыр. Қазір алдымызда он ай бар. Клуб наурыз айында жұмысын бастады. Демек, әр айдың соңында жастар оқыған кітабы бойынша сынақ тапсырады. Осылайша, әр сынақ сайын шәкірттердің білімі баллдық жүйемен бағаланады. Жыл соңында үздік шығып, белсенділік танытқан жасқа мүфтияттың Атырау өкілдігі тарапынан кіші қажылыққа жолдама берілетін болады. Мақсатымыз жастарды ана тілімізде кітап оқуға баулу, осындай қызықты үрдіс арқылы, жастардың діни ілімін көтеру», – дейді жоба туралы Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.

Өкілдіктің қолға алған бұл бастамасына жас жамағаттар өз қолдауларын білдіріп, қызығушылықтарын танытты. Расында бұл бастама жастардың өз уақыттарын тиімді бағалауына имандылық пен білімді қатар игеруге үлкен мүмкіншілік болмақ. 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close