Жаңалықтар

Атырауда дін тақырыбында жазатын журналистер мен блогерлерге арналған семинар өтті (СУРЕТ)

Атырау қаласында «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбында журналистер мен блогерлерге арналған біліктілік арттыру курсы өтті.

Атырау облысының Дін істері басқармасының Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен курста қатысушыларға Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, теолог Асқар Сабдин мен Дін істері комитетінің «Ақпарат және медиа мониторинг» бөлімінің басшысы, дінтану магистрі Дианна Есенова дәріс оқыды.

Асқар Кәлімжанұлы деструктивті діни ағымның идеологиясы, тарихы, ерекшеліктері, олармен бүгінгі жұмыс бағыттары жайлы егжей-тегжейлі түсінік берді. Тілшілерге Сириядан қашып келіп, бүгінде жазасын өтеп жатқандар жайлы деректі бейнефильм көрсетіліп, олардың түсінігі турасында біраз мағлұмат айтылды.

Дианна Бекханқызы діни тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау әдістері туралы сараптамалық материалдармен бөлісті. БАҚ-та жарияланған діни тақырыптардағы мақалаларды тілшілермен бірге талдап, құқықтық сауаттылық мәселелері де көтерілді.

Бұл курстың дін тақырыбында жазатын тілшілерге берері көп болды. Курсқа қатысушыларға Атырау облыстық Дін істері басқармасының Ақпараттық-талдау орталығы басшысы Мейірбек Құбышев сертификат табыстады.

Дәріс барысында көтерілген мәселелер, айтылған ойлар алдағы уақытта «Дүрбі» газеті мен оның сайтында жарияланады.

durbi.kz

?

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close