Жаңалықтар
Ішкі істер саласы қызметкерлері теолог дәрісін тыңдады
Атырау қалалық полиция басқармасында арнайы даярлық оқу бөлімінің қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың белгісі» тақырыбында кездесу өтті.
«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы діни теріс ағымдардың сипаттары, белгілері жайлы түсіндірді. Соның ішінде, уахабизм ағымы мен дәстүрлі ханафи мәзхабы айырмашылығы, еліміздегі деструктивтік діни ағымдардың сипаты және қоғамға зияны, дүние жүзіндегі террорлық ұйымдардың ұстанымы және идеологиялық тамыры жайлы ақпарат беріп, өткір мәселелерге тереңірек тоқталды. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, теолог тарапынан толыққанды жауаптар берілді.