Жаңалықтар
Оралда имамдар мен теологтардың біліктілік арттыру семинары өтті
Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен Орал қаласында облыстық имамдар мен теолог мамандардың біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинары өтті.
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуда имамдар мен теологтардың рөлі» тақырыбында өткен семинарға қатысушыларды Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлы Қазақстанның тәуелсіздігін баянды етуде, түрлі діни ұйымдардың теріс идеологиясына қарсы тұруда, зайырлы қоғам принциптерін ұғындыруда аянбай еңбек етуге шақырды.