Жаңалықтар
Конституция күні қарсаңында Атырауда жалпықалалық акция өтуде (СУРЕТ)
Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесі қарсаңында Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы «Конституция – діни тұрақтылықтың кепілі» жалпықалалық акциясы аясында қаладағы ірі сауда үйлерінің бірі «Байзарда» мерекелік шара өткізді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауда еліміздің зайырлы мемлекет екендігі, біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін қандай да бір ұстанымдар мен нормаларды түрлі жолдармен тықпалайтын әрекеттерге жол берілмейтіндігі атап көрсетілген болатын. Бұл – қоғамымызды зайырлылық қағидаттарына негіздей отырып дамыта түсу барысында басты қаперге алатын мәселе.
Аталмыш шараны Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси ахуалды талдау және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс секторының меңгерушісі Е.Асылханқызы ашып, қала тұрғындарын келе жатырған ҚР Конституция күнімен құттықтап, шараны өткізудің мақсатына тоқталып өтті.
Тағдырдың талайымен біздің еліміз көп ұлтты мемлекет болып орнықты. Ал көптеген ұлттардың өкілдері өмір сүретін аймақта түрлі конфессиялардың, түрлі дүниетаным, наным-сенімдердің болатыны белгілі. Мәселен, елімізде 18 конфессияның өкілдері тұрады. Яғни көпконфессиялы ел болып табылатын Қазақстандағы діни жағдайлар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» және басқа да заңнамалармен реттеледі.
«Шапағат» ҚҚ тарихшы маманы Е.Абзалов Ислам діні мен қазақтың салт-дәстүрлерін бөліп қарауға болмайтындығын, дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі екендігін айта келе, адамды көркем кемелдікке жетелейтін имандылық пен инабаттылық тәрбиесі туралы хадистерден мысал келтіре баяндады.
Жалпықалалық акцияда жас өнерпаздар мен «Қарақат» мектеп-студиясының өнерпаздарының концерттік номерлері тамашаланды.
Мерекелік концертте «Шапағат» ҚҚ арнайы дайындалған ақпараттық түсіндіру құралдары мен аймақтық қоғамдық-танымдық «Дүрбі» газеті таратылды.